Ешқашан жабықпа! Мұңая берме! • Егер ауру болсаң, Юнусты (аләйһис-сәләм) есіңе ал, оның жарасының орны соншалық, денесінің арғы жағы көрінетін-ді. • Егер жақындарыңнан сатқындық көрсең, сен Юсуфты (аләйһис-сәләм) есіңе ал. Оны туған бауырлары құдыққа тастап өлтірмек болған. • Егер бір логикалық қиын мәселелер туындаса, Нұхты (аләйһис-сәләм) есіңе ал. Оған өте алып кеме жасау бұйырылды. Бірақ ол, Алланың көмегімен ол қызметті мүлтіксіз орындай алды. • Егер саған жала жапса, сен 'Аиша анамызды (Алла оған разы болсын) еске ал. Оның тап-таза арын, өсекшілер былғауға тырысты. Бірақ ол, Алланың көмегімен ақталып, шындыққа жетті. • Егер жалғыздықты сезінсең, Адамды (аләйһис сәләм) ойла. Ол жалғыз жаратылды, және жерге түсірілгенде үш жүз жыл жалғыз жүріп, Хауа анамызды тапқан-ды. • Егер адамдардан қысым көре бастасаң, Мұхаммед пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) еске ал. Оны жұрттар мазақ етіп, хақ діні үшін жолына тікен шашып, намазында басына нәжіс төгіп, түкіріп те кететін. Бірақ, Алла елшісі хақтан таймады. Көркем мінезімен бәрін ақиқатқа баулып, оларды кешіре білді. Алла тағала ең үлкен сынақтарды пайғамбарларға, ізгілерге берген. Біздің үлгі алуымыз үшін. Және Алла, сынақты тек сүйген құлына ғана береді. Алла әрқашан сенімен бірге осыны ұмытпа бауырым!🌸